Ижанов З. Тәркілеу қасіреті

«Тәркілеу қасіреті» кітабы 1928 жылғы 27 тамыздағы байларды кәм-пескелеу (тәркілеу) және оларды жер аудару туралы Декреттің салған ауыр зардабына, құғындалған студенттер мен босқыншылыққа арналған.

Кәмпескеленгендердің тартқан азаптар мен ауыр халдері, жоғары пар-тия, кеңес орындары, халық комиссариаттары мен прокуратура, сот, саяси басқарма, ішкі істер орындарына жазған арыз-шағымдары, олардың мал-жан есебі, қанша отбасынын, қанша жанның тәркілеуге ұшырағанын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған құ-жаттарда табылады. Құжаттарды араб әрпінен кириллицаға түсірген Зияда Ижанов.