Әкемнің әйелі
Жазушы Мархабат Байғұттың «Әкемнің әйелі» әңгімесі 2018 жылы өзбек тіліне аударылып, «Жаһон адабиети» журналында жарияланған. Өзбекстан Президенті уәлаяттар әкімдерімен өткен жиналыста: «Қазақ жазушысының «Хокимнинг хотини» хикоясын хотинларинизбан бірге оқыңыздар» депті. Жалпы қаламгердің көркем әңгімелері орыс, түрік, украин, өзбек, қырғыз, саха, қарақалпақ тілдеріне тәржімаланған. 2019 жылы БҰҰ қолданатын алты тілде шығып, 93 елге тараған «Қазақ прозасының антологиясына» да енген. Бұл кітапқа оқырман айрықша ықыласпен қабылдаған, газет-журналдарда, жинақтарда жарияланған туындыларымен қатар кейінгі кездері жазған жаңа әңгімелері кіргізілді.