Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Қазақ халқының табиғат-анамен үндес тіршілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі – «адамгершілік» деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы. Алтын қазықтан адаспай, бетті соған бұрғанда ғана елдіктің іргесі бекіп, адам аты асқақтай түсетінін қазақ елінің өткен өмір жолы дәлелдеп берді.

Саналы ғұмырын осы бай мұраны жинақтауға арнап, оқырманын сан мәрте тартымды кітаптарымен баурап, баулып келген белгілі қаламгер, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы өзінен бұрынғы тарихшы, этнограф ғалымдарды зерделей отырып, іргелі еңбек жазды, шашырап жатқан мол қазынаны энциклопедиялық жүйеге түсіріп, көптеген терминдердің төңірегінде қосымша мол мағлұмат ұсынды.

Бұрын көп айтыла қоймаған ырым мен тыйым, жөн жосық, жол-жоралғы, ұлттық қағида, ғұрып, әдеп мен әдет сияқты қазақтың өмірлік үлгі, тәлім-тәрбие ережелерін саралады.

Өз ұлтын мақтан тұтатын кез келген зерделі азаматтың кітап сөресінен орын алуға лайық бұл энциклопедиялық басылым белгілі қылқалам шеберлерінің суреттерімен әсем безендірілген.