Ханбибі Есенқарақызы. Жібек

 «Қара өлеңнің Ханбибісі» атанған тұлпар шабысты, тарпаң мінезді ақынның қалам қарымы мен талант қуаты қалың оқыр- манға көптен белгілі. Қазақ жұрты ерекше құрмет тұтатын дарынды қаламгердің нәзік лирикадағы азаматтық үні айқын естіледі. Әйтсе де, айтары мол ақынның көңіл көкжиегінде қы- лаң берген көп ойлардың өлең өлшеміне сыймайтын кездері де болады.

Ханбибі Есенқарақызының «Жібек» атты бұл кітабы қара- сөзбен өрілген. Повесть, естелік-эссе, шағын әңгіме жанрларын- да жазылған туындылардағы ойлар мен толғаныстар ақындық сезіммен екшеленген шынайы жүрек сыры екендігі байқалып тұрады.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.