Ләйлә Сұлтанқызы. Әйел
Алдымен сіз екеуміз мына нөрсеге келісіп алайық: мен сізден шынайы болуды ғана өтінемін. Кез келген ортада бетпердемен жүруге әбден машықтаньш алдық қой. Бізге солай ыңғайлы. Алайда үнемі мықты болып көрінуден шаршамадыңыз ба?! Мен сізді жұмыста, үйде, түзде қолынан келмесе де, күліп жүруге тырысатын адаммен емес, нағыз әйелдің табиғатымен тілдестіргім келеді.
Соңғы рет өз өтінішіңізді қашан орындаған едіңіз?! Жанарыңызда жасырынған не?! Іркілген жас па, алде риясыз қуаныш па?!
Сіз өзіңізбен танысуға дайынсыз ба?.. Мен сізді күтіп тұрмын...