МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ. ТАМАША АЙЫМ — ТАМЫЗЫМ

 «Онда — тамыз, мұнда, міне, қараша...» деп өкінішті жүрек бұлқынысын сездірген ұлы Мүқаң соңында қалдырған «Күнделігінде»: «Таңдамалыңның» болуы жақсы-ақ қой. Оны мен «Тамаша айым — тамызым» («Август — месяц священный») деп атаймын...» деген ниетін жазады. Өкініштісі сол — арада тура бір жылдай уақыт өткенде ақын жүрегі согуын тоқтатып, жоғарыдағы үкілі арманының орындалмай қалғаны белгілі.

Мұқағали мұраларымен етене таныс көзіқарақты оқырманның көңіл түпкіріндегі өкініштің бір мысқал өтеуі болса және оның үстіне ақынның биылғы 85 жылдық мерейтойы тұсында көпшілік көзайымына айналған таңдамалы өлеңдерінің тогттамасын тарту етсек деген ниетпен «Тамаша айым — тамызым» атты жинақты жұртшылыққа ұсынып отыр.