Марат Ескендір – Әбдешев Қазақ портреттерінің тарихы

«Бұл қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақтың
ұлттық тарихында «ақтаңдақтар» мен парақталмаған қатпар-қатпар беттері қаншама десеңші. Еліміз
тәуелсіздік алғалы бұрынғыдай жалтақтамай «өлгенімізді тірілтіп», «өшкенімізді жағып» жатқан жай бар.
Дегенмен де қаншама тірілтіп, қаншама қайта жақсақ та әлі де түрен салынбаған «жоқтарымыз» көп екен.
Сондай «жоқтардың» бірі «Қазақ портреттері» болып табылады.

Кітаптың авторы Марат Ескендір-Әбдешев ерекше қызығушылық туғызып, ғылыми қызметкер
ретінде ел арасынанескілікті, тарихи мұраларды жинап, оларды зерттеген. Бұл ғылыми еңбекке
автордың соңғы ширек ғасырдағы өзі іздеп тауып, жинап, анықтап музей қорына өткізген не болмасабаспасөз беттерінде жарияланған ХІХ ғасырдың орта шенінен басталған қазақтардың фото бейнелері енген. Фотобейнелерді анықтау жөнінде нақты деректер берілген.

Бұл кітаптың білімді қазіргі қазақ жастарына, жалпы ел тарихына қызығушылық танытатындарға
берері мол.

Басылым жоғары сынып оқушыларына, тәрбие жұмыстарына қосымша оқу құралы ретінде
мұғалімдерге, көпшілік оқырман қауымға ұсынылып отыр.