Мұхтар Қазыбек «Ғалам таныған ғұлама»
Қолдарыңыздағы кітапта Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) шығармашылығы тарихи-филологиялық, танымдық-философиялық тұрғыда алғаш рет жүйеленіп, әр қырынан зерттеліп пайымдау жасалынады. Дулатидің мемлекет қайраткері, қолбасшы, жазушы, суретші ғұлама ғалым ретіндегі болмысы жан-жақты ашылып қарастырыла-ды. Ұлы ойшылдың, ең алдымен, қазақ тарихының атасы ғана емес, ол сондай-ақ қазақтың тұңғыш мемуарист жазушысы екенін зерделеген тың ойлар, жаңалыққа негізделген тұжырымдар жасалынған. Мұхаммед Хайдар – ғылымның барлық саласын терең меңгерген талантты энциклопедист тұлға. Жазушының қаламынан туған классикалық «Тарихи Рашиди» атты еңбегінен қырықтан астам ғылым саласына қатысты тұжырымдарын айқын аңғаруға болады. Ұлы бабамыздың жазушылық қалам-қарымы оқырманды шын мәнінде ғасырлар қойнауына жетелеп, ұшан-теңіз беймәлім деректер мен танымдық-тарихи материалдармен кенелтіп тастайды. Бұл еңбекте ұлы ғұламаның шығармашылығы арнайы тың тақырыптар аясында қарастырылып, оқырмандарды тосын жаңалықты дүниелермен қауыштырады.
Кітапта Ұлы тұлғаны ұлықтауға байланысты Үндістан жерінде өткен халықаралық іс-шаралар қамтылған. Дулати шығармасын зерттеушілерге, әдебиетшілер мен мәдениет- танушыларға, тарихшыларға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.