Мырзабеков Батырбек. Аманат: роман. - Нұр-Сұлтан: «Кәусар» баспасы, 2020. - 384 бет.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Батырбек Мырзабековтің «Аманат» романына шамамен XIX ғасырда Ұлытау өңірінде өмір сүрген, ел ішінде «Төрт босаға» атауымен танымал болған, аймақ жұртының бейбіт, берекелі тірлігі үшін тер төккен, бірлікті, татулықты ту еткен Сандыбай батыр Төлекұлы, Қадір би Түрікпенбайұлы, Шегір би Шалабайұлы, Бабыр би Бөкеншіұлы мен Ерден батыр Сандыбайұлы сияқты тарихи тұлғалардың тағдырлы өмір жолы мен сол кезеңнің қилы-қилы оқиғалары арқау болады. Роман оқиғасы негізінен кейіпкерлер туралы ел ішінде айтылып жүрген ауызша деректер мен тарихи оқиғаларға негізделген.
Шығарма көпшілік оқырманға арналған.