Рысбек Қыдырбек. «Қазақтың 90 бапкері»

/ Қ.Рысбек. — Алматы: "Жарыс-Орда" ҚБ, 2021. —624 бет. 

«Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиа- дашылары» деректі жинақтарының идея авторы әрі құрастырушысы, «Қазақтың 72 бапкері», «Дәулет», «Сұрмерген», «Бекзат», «Құзға біткен қарағай» деректі хикаяттарының авторы, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің бұл кітабына XX, XXI ғасырлардағы қазақтың таңдаулы 130-дан аса бапкері және олардың 560-тан астам шәкірттері туралы деректер мен материалдар еніп отыр. Қазақ елі тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақтың 90 бапкері» кітабы оқырманға жол тартты. Бұл еңбекті арнаулы орта және жоғары оқу орындарының спортшы-студенттері мен мамандарына қосымша хрестоматиялық құрал ретінде пайдалануға болады.