Шоушенктен қашу
Стивен Кинг «Төрт маусым» жинағына енген төрт хикаятын жылдың төрт мезгілімен сәйкестендіреді. «Рита Хейворт немесе Шоушенктен қашу» атты түрме жайлы шытырманға толы хикаятын «Мәңгілік үміт көктемі»деп, ешқашан үміт оты сөнбейтін көктемге теңейді. Жаздың жайма-шуақ күнінд шағын ғана қалада өрбитін нацистік қылмыскер мен үздік оқушы арасындағы шырғалаңға толы «Әзәзілдің шәкіртін» «Жазғы сыбайластық» деп атаған. «Мәйітті» «Күнәсіздің күзі» деген атаумен күз мезгілімен, ал «Тыныс алу әдісі» хикаятын «Қысқы ертегімен» байланыстырады.
Автордың бұл жинағы New York Times бестселлер туындылар тізісмінде үздіктер көшін бастап тұр.