ШӘРІПҚЫЗЫ М. Қыран ғұмыр/ М. Шәріпкызы; Құраст. жэне ред.: А. Жанғо- жин. - «Типография Арко» ЖШС. - Қарағанды, 2016. - 344 б.

Кітап мемлекет жэне қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихшы, экономист-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды қаласы мен Баянауыл ауданынының құрметті азаматы Талғатбек Әбдірахманұлы Әбдіразақовтың өнегелі өмір жолына арналады. Ғалымның жары, әдебиетші ұстаз, ҚазКСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, үш поэзиялық және прозалық жинақтың авторы ақын Мәпіш Шәріпқызы Тәкеңнің тар жол, тайғақ кешулерін, партиялық, комсомолдық және оқытушылық қызмете болған жылдарынан бұрын жазған естеліктерін жаңғыртады. Қазақ халқының ұлы тұлғаларымен кездесулерін баяндайды. Жинақта сондай-ақ Талғатбек Әбдірахманұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әр жылдары жазылған мақалалар, естеліктер, рецензиялар топтастырылған. Қосымша бөлімінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, ірі еңбектері мен жаңа заманда жарияланған ғылыми және публицистикалық мақалаларының, ол туралы шыққан әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштері келтірілген. Сондай-ақ жинақтарына енбеген соңғы мақалаларына да орын берілген.

Жинақ өлке танушыларға, жалпы Қарағанды ғалымдарының өмір-деректерін қызықтаушы қалың оқырманға арналады.