Табеев Қ.-М. «Құфынға» түскен ғұмыр: Деректі хикаят

«Құфынға» түскен ғұмыр: Деректі хикаят / Қайым-Мұнар Табеев. - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2024. - 344 бет.

ISBN 978-601-9457-6

ӘОЖ 821.512.122.

КБЖ 84(5Қаз)

Т 12

          Осыған дейін бірнеше кітабы жарық көрген белгілі журналист-жазушы Қайым-Мұнар Табеевтің бұл кітабында тарихымыздағы айтулы кезең, Тәуелсіздікке бастау болған 1986 жылғы қастерлі Желтоқсан оқиғасындағы жастардың ерлік істері нақты құжаттар мен айғақтар арқылы көркем тілмен баяндалады. Биыл 38 жыл толып отырған Желтоқсан оқиғасы бұрынғы Кеңес Одағындағы халықтардың орталыққа деген шексіз үстемдігіне, тоталитарлық-әміршілдік жүйеге қарсы күресуінің бастамасы болды. Ол қалың елдің сана-сезімін оятты және қазақ халқының көп ғасырлардан бергі арманы – Қазақстанның азаттығына жол ашты. Үш күндік Желтоқсан дүрбелеңін өз көзімен көріп, көңіл зердесінен өткізе білген автор кейінірек осы оқиғаны жан-жақты зерттеген Парламенттік тексеру комиссиясының сарапшылар тобында белсенді жұмыс істеді. Өз тарапынан желтоқсандықтардың ақталуына ерекше үлес қосқан жазушының қызықты түрлі деректерге толы тарихи жазбаларышынайылығымен тартымды. Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтен бастап, желтоқсандық көптеген тұлғалардың өмір жолы, азаттық жолындағы күресі баяндалады.

          Кітап Отанды сүю, туған жер мен елді қастерлеу сияқты қазақстандық патриотизмді бойына сіңіріп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, студенттер мен жастарға, қалың көпшілікке арналған.