Түлкібайұлы К. Шежіре.
Қазақ халқының шежіресі ұшан – теңіз сарқылмайтын бай мұра. Алдарыңызға ұсынылып отырған бұл шежіре сол телегей мұраның бір ғана қолжазбалық нұсқасы. Оны Күлен Түлкібайұлы (1889 - 1970) қазақша төте жазумен өткен ғасырдың 20-70 жылдары хаттаған. Кітапта осы қолжазбаның факсимилесі және қазіргі қазақ әліпбиі бойынша емле қоса беріліп отыр.
Күлен Түлкібайұлының осы қолжазба шежіресі – шежіретану, ататек тарату үшін таптырмас олжа болғандықтан көпшілік жұртқа арналады.
Мұнда қазақтың үш жүзі, одан Алтай шежіресі таратылады. Қарпық аталары да кездеседі.