Қуантаев Н.Қ. Бейуақ /роман, әңгімелер, аударма- лар/.Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020. - 192 бет.
«Бейуақ» - 1986 жылғы желтоқсандагы ұлттық бұлқынысты аяусыз басып-жаншыған қорқау қоғамда орын алған өмір шындығын суреттеген, тартысты, әсерлі туынды.
Роман - кешегі Желтоқсанда намысын биік сақтап, бостандыққа шыққан соң да өз еліне ол туралы арыз айтпай, перзенттік борышын бұлдамай, үнсіз ғана өмір сүріп жатқан қарапайым ерлерге тұрғызылған ескерткіш іспетті.
Роман қоғамдық өмірімізге жегі құрттай енген жалғандық ұлтымызды сорға бастайтынын оқырманға парасат биігінен ескертіп, алаштың болашағы даурықпа ұран емес, кісілік пен мейірімның жылы шуағында екенін меңзейді.