Жасыл миль

Танымал американдық жазушы Стивен Кинг бұл романында оқырмандарды Луизиана штатында орналасқан Суық Тау түрмесіндегі сұмдық оқиғалардың куәсі болуға шақырады. Өлім жазасына кесілгендерді жазалауға арналған Олд Спарки электр орындығына апаратын дәлізді тұтқындар Жасыл миль атап кеткен. Түрме бақылаушысы Пол Эджкум мен басқа күзетшілер кей жағдайлардың біз ойлағаннан әлдеқайда басқаша екеніне көзі жетеді. Кейде темір тордың арғы жағындағы қылмыскердің адамгершілігі кәдуілгі адамнан артық болуы мүмкін. «Е» блогындағы тұтқындар үшін ажал өмірдегі барлық қайғы-қасіреттен арылудың жалғыз жолы болып қалады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.