Жолдасбекқызы Торғын. КЕШ ҚАЛМА

Адамның болмысы, арманы, қуанышы, мұңы, үрейі мен үміті... Өзге түгілі өзінен жасырған сыры. Өткені мен ертеңі. Бары мен жоғы. Тапқаны мен айрылғаны. Күгкені мен жетпегені. Сезімі мен сенімі. Айтқаны мен айтпағаны. Айтылмай қалған сыр. Ашылмай қалған кұпия. Сананың терең түкпірінен суырыла шығып, жаныңа қылбұрау салып шырылдататын өкініштің тұтқынына айналмау үшін кеш қалма.

Жас жазушы Торғын Жолдасбекқызының бұл шығармасы оқырманды ертегі әлеміне жетелей отырып, адам жанының терең қатпарларын шарлатады. Әр кейіпкерден өзіңізді тануға, жаныңызды мазалап, көңіліңізді алаң қылған сұрақтарыңызға жауап табуға кеш қалмаңыз.