2017 жылдың 12 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Исманбетова А,Жалдикараева А қаладағы №1 мектептің 7 сынып оқушылары арасында «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Тора
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша «Жыл кітабы – 2017» таңдауы қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу таңдалды. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің санаулы ғұмырында қазақ поэзиясына құрылымдық, жанрлық өзгерістер енгізумен қатар, ұлт мүддесін ту етіп, арттарында ұшан-теңіз мұра қалдырған болатын. С.Торайғыров шығармалары – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес.Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзеннің бірі болып қалмақ.
Кітапханашы Исманбетова А оқушыларға «Бір ел- бір кітап» акциясының Қазақстанда 2007 жылдан бастау алғанын айта кетіп, биылғы 2017-Жыл кітабы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы, кітаптары жайлы түсіндірді. Оқушылар Торайғыровтың бірнеше өлеңдерін оқыды. «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!!!
Сіздерді 2017 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы ретінде таңдалған қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын жалпы халықтық ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!!!