Халқы сүйген қаламгер

2024 жылдың 25 қыркүйек күні кітапхананың «Білім» орталығында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Халқы сүйген қаламгер» атты шығармашылық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянымен таныстыру;.

Шараға қатысушылар белгілі жазушы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды. Кітапханашы жазушының шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналғанын, сондай-ақ балаларға арналған бірнеше сценарий, пьесса жазғанын да айтып өтті. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды