Ақбоз ат

17 қыркүйек күні кітапхананың «Білім» орталығында, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Ақбоз ат» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Аталмыш іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

     Шара барысында кітапхана қызметкері сүбелі еңбектер жазған жазушының өмірбаяны, шығармашылығындағы өткірлік, азаматтық өнегесі туралы айтып, шығармашылығына тоқталды. Конференция барысында шығарманың идеясы, композициялық құрылысы, шығарманың бастауы, дамуы, байланысы, басты кейіпкер Қараштың бейнесі сөз етіліп, Елеусіздің азаматтығы жайында әңгіме қозғалып, шарықтау шегі – шығарманың шиеленісі жан-жақты талқыланды. Оқушылар романның идеялық-тақырыптық ерекшеліктері, қазақ халқының тағдырлы кезеңдері мен жазушы шеберлігі жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты.