Адам жанын тазартатын жазушы

2023 жылдың 7 ақпан күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында қалалық кітапхананың «Білім» орталығында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің «Адам жанын тазартатын жазушы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты:жазушы Төлен Әбдіктің адалдыққа, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларымен, оның ішінде қазіргі классикаға поэзияға деген қызығушылығын арттыру, шынайылыққа жетелейтін шығармалары арқылы жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру. Әдеби кеш қалалық №1 орта мектебінің оқушылары мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы сондай-ақ «Оң қол», «Парасат майданы», «Әке» тағы басқа әңгімелер мен повесттерінің мазмұны туралы қысқаша баяндап, кітап көрмесімен таныстырып ауқымды түрде мағлұмат беріп өтті. Қойылған сұрақтарға тұщымды жауап алынып, естелік суретке түсті.