Адамгершілік ақ жолға...

2018 жылы  ақпан  айында  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жыл сайынғы Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында үш бірдей  қазақ ақын-жазушыларының еңбектері таңдалды.

Соның бірі қазақтың рухани мәдениетіне  зор үлес қосқан ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын  насихаттау үшін  2018 жылдың 18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде ақын, аудармашы,тарихшы, философ,сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Адамгершілік ақ жолға» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке № 2 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Шәкәрім шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,адамгершілік,еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кітапханашы Ш.Жунусова оқушыларға Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» туындылары, «Үш анық», «Өкінішті үміт» аталатын еңбектеріне библиографиялық шолу жасады. Іс-шара барысында оқушылар ақынның «Адамдық борышың», «Адамгершілік ақ жолға..» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Оқырмандар назарына «Адамгершілік ақ жолға» атты кітап көрмесі ұймдастырылды.

20180418_143430 20180418_150156 20180418_152238 20180418_153221 20180418_153354 20180418_155243