Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі
2022 жылдың 2 қыркүйек күні мемлекеттік қызметкерлер арасында, «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында, ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты – ұлы тұлғамызды ұлықтап, оқырман бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, тәрбиелеу. А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің оқырмандарға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбегі оқырмандарға кеңінен насихатталды. Дөңгелек үстелге қатысқан оқырмандар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді.
Іс-шара барысында «Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі» кітап көрмесіне шолу жасалды.