Алабуга аулаған күн

2021 жылдың  28 қыркүйегінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы балалар әдебиеті бөлімі бойынша  жазушы  Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» кітабына  онлайн түрде  әңгіме талдау өтті. 

Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында оқылуға тиіс кітаптың бірі Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» әңгімесін балаларға таныстыру;

Жазушының балаларға арналған әңгімелері оймақтай.Балалардың жанын керемет түсінеді.Жазушының әр туындысы оқырманын имандылыққа, адамгершілікке,  патриоттыққа,  өнегелікке тәрбиелейді. Жас өркен жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелердің оқиғасы қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманды баурайтынына сенімдіміз.Жазушының   бұл жинағында  ертегілер мен мысалдардың айтар тағылымы мол. Кітапқа өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелер, ертегілер, мысалдары енген.