«Алаштың дүлдүл ақыны»

2017 жылдың 26 қыркүйек  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары  М.Айтжанова, А.Жалдикараева  қаламыздағы № 1 қазақ орта мектебінде  9 сынып оқушылары арасында «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы аясында  «Алаштың дүлдүл ақыны» атты поэзия кешін  өткізді.

      Мақсаты:  оқушыларға қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру;  ақынның өлеңіндегі ұлттық рух пен патириотизмді ұғындыра отырып, туған елін, туған тілін, әдебиетін сүюге құштарландыру

      Сұлтанмахмұт Торайғыров – ерте оянған, елдің мұң-мұқтажын ерте түсініп жырлаған азамат ақын. Саяси-әлеуметтік тұрғыда халық мұң-мұқтажын, тілегін өз халі, өз арманы, өз мұңы етіп жырлайды. Сонымен қатар өнерлі, білімді болумен бірге ынтымақшыл, көпшіл болудың қажеттігін түсіндіреді. Өз халқын надандықтың қара түнек тұңғиығынан арылтып, тезірек жарқын болашаққа қарай талпынтса деген адал көңілі ақынның асқақ рухын ерекше байқатады.Жазушы прозада да ақындық мұратынын таймайды. Ол қара сөздің өзінде де биік мақсатын ақындық қабілетімен таныта біледі.

    Іс-шара барысында кітапханашы М.Айтжанова С.Торайғыровтың шығармаларына тоқталып,оқушыларды ақынның поэзияларымен таныстырып өтті. Оқушылар өз тараптарынан ақынның өлеңдерін оқып,  ақынға арналған кітап көрмесімен танысты.

1-1 2 3 4