«Отамалы» әңгіме талдау

2021 жылдың 1 шілде күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы проза бөлімі бойынша жазушы Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы» кітабына әңгіме талдау өткізілді. Мақсаты: жазушының қаламынан шыққан туындылармен, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандарға насихаттау.

«Отамалы» кітабы өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай» тағы басқа әңгіме-хикаяттарында шынайы шындықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі романтика өлеңдей егіз-қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімнің әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген туындылардың қай-қайсысы да прозадағы поэзия іспетті.