Қасірет пен тағдыр

2021 жылдың  20 қыркүйегінде  Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы проза бөлімі бойынша жазушы С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты романы бойынша оқырмандар конференциясы  ұйымдастырылды. Іс-шараға  № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

     Мақсаты:  Семей ядролық полигонының қасіретін жеткізу, Семей ядролық полигоны Жапониядағы Хиросима жарылысынан, Украинадағы Чернобыль апатынан кем түспейтінін көрсету;

     Жаңа романның желісі социалистік режим құрбандарына айналған Семей өңірі халқының қасіретіне құрылған.  Полигон зардабын тартқан қасіретті Ананың зарын, оған қарсы  шыққан  қайсар Ананың өр рухын бейнелейді.

     Шара барысында романның басты кейіпкері Аяулымның басынан кешкен қиын тағдыры  негізгі тақырыпқа айналды. Ол атом бомбасы сынағынан жары мен перзентінен, ата-анасынан айырылып, қайғылы да қасіретті күндерді бас­тан кешеді.

 

12 13