Қазақ халқының ұлы көсемі
2022 жылдың 24 ақпан күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында, кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты тарихи кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, елін, жерін құрметтеуге, осындай мақтан етер ұлы тұлғаларды тануға тәрбиелеу және осындай тұлғалардың еңбектерін көбірек оқып, ой-саналарын жетілдіру болып табылады. Кітапханашы Д.Төлбасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына тоқтала кетіп, бейнеролик көрсетілді. №1 мектептің 10 сынап оқушылары шарамызға қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының жан-жақты қырларымен толықтай әңгімелеп айтып берді. Іс-шара шеңберінде «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушылар назарына ұсынылды. Оқушылар өткізіліп отырған іс-шарадан қазақ халқының мақтан тұтар ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов туралы көптеген мағлұматтарды білді және сол арқылы өз білім деңгейлерін көтере алды. Іс –шара соңында кітапханашы «Бір ел-бір кітап» акциясы туралы айтып өтіп, Ахмет Байтұрсыновтың кітаптарына библиографиялық шолу жасап, таныстырды.