Балалар әдебиетінің бәйтерегі

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу мақсатында  2024 жылдың 22 ақпан күні «Білім» орталығында  «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Бердібек Соқпақбаев – қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады. «Менің атым Қожа» повесі бойынша «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.

Іс шара барысында қаламгердің әр жылдары жарық көрген «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион», «Жекпе-жек» және т.б. туындылары, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар топтамалары қойылып, өмір жолы мен шығармашылығынан мағлұмат берілді.

Шара соңында балдырғандар Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына қызығушылық танытып, кітаптарын оқуға ниет білдірді.