Дулат поэзиясының көркемдік ерекшеліктері

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  оқырмандарға қызмет ету бөлімінде 2016 жылдың 20 қазанында жылдағы дәстүр бойынша  «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты «Дулат поэзиясының көркемдік ерекшеліктері» атты тәрбие сағаты өтті. Өткізілген іс – шараға 30 оқырман  келіп қатысты. 

Мақсаты: Оқырмандарды  2016 жыл кітабы яғни, заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақыру. 

Дулат Бабатайұлы – ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сыпатта бірінші болып қозғаған ақын. 

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында "Өсиетнама" деген атпен жарыққа шыққан. Ақын өлеңдерінің тілі суретті, көркемдігі терең, тәрбиелік мәні зор.

Дулат поэзиясының өзгешелігі, оның қазақ поэзиясы тарихында алғаш мысал жанрына қалам тартқандығы. Адамгершілік пікірлеріне қазық болған мысал іспеттес өлеңдер ақынның үлгі, өнеге, тәлім – тәрбие беру ниетіндегі қадір – қасиетін жоймаған шығармалар. Адамдар бойына лайық абзал қасиеттерді – кішіпейілдік, әділеттілік, қанағаттылық, еңбексүйгіштік жақталып, керісінше, мансапқорлық, менмендік, мақтаншақтық, опасыздық, нысапсыздық, қайырымсыздық, алдампаздық сияқты ұнамсыз мінездер сыналады. Бірінен үлгі десе, екіншісінен сақтандырады. Олар: «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға мен сауысқан» сияқты шығармалары

"Ұлы ақынның өзі айтқандай сөз ұғатын, ой қадірлейтін әр адамның таным көкжиегін кеңейтуге ат салысар қадау-қадау ой түйіндері Дулат Бабатайұлының өмір таным толғамдары арқылы ұлттық қана емес, жалпыадамзаттық биіктіктен үн қатады. Егер философияны даналықты сүю деп түсінер болсақ, онда Дулат өлеңдері тереңінде тұнып жатқан тағылымды көзқарастар өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де ұлттық танымды жете зерделеуге жол ашатын дәйекті дәнекер, байыпты байлам, тұғырлы тұжырымдар деп бағалауға әбден лайық".

Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы А.Исманбетова

IMG_2242 IMG_2255