Дулат тағылымы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде 2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында «Дулат тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті. 

Мақсаты: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген кемел ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабын таныстыра отырып, жыл бойы оқуға шақыру.  Сонымен қатар, шығармаларының өміршеңдігін, маңыздылығын, келер жас ұрпаққа түсіндіру, оның толғаулары арқылы шынайылыққа, шыншылдыққа ұлттық және патриоттық сезімге баулу. 

Іс- шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары мен 8 сынып оқушылары қатысты. 

Д.Бабатайұлының тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында "Өсиетнама" деген атпен жарыққа шыққан. Кітапта ақын өлеңдері, шығармалары жарық көрген.  Ақын өлеңдерінің тілі суретті, көркемдігі терең, тәрбиелік мәні зор.

Сонымен қатар Оқырмандарға қызмет ету бөліміндеАқын, ойшыл, жырау Дулат Бабатайұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрменің басты бөлігіне Д.Бабатайұлының «Шығармалары мен тағылымы» және «Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер. Зерттеулер, пікірлер» секілді шығармалары, сондай-ақ ақынның өлеңдері енген «Произведения казахских акынов XVIII-XIX веков» жинағы, «Үш ғасыр жырлайды» (революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ ақындарының шығармалары) басылымы, «Бабадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ афоризмдері», «Поэты пяти веков», «Поэты Казахстана» кітаптары қойылған.

Барша қала тұрғындарын Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырамыз!

IMG_2039 IMG_2053 IMG_2057