Киіз кітап

2021 жылдың 2 сәуір күні «Білім» орталығында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында, поэзия бөлімі бойынша ақын  Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап» лирикалық сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ  лирикасының  кемелдену, толысу кезеңінде өзіндік үн қосып, өзгелерден дараланып, өзіндік қолтаңбасын анық танытатын ақынымыз – Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығымен таныстыру. Қазақтың белгілі ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің бұл кітабына 1988-2000 жылдары жазылған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы  лирикалық, әлеуметтік-философиялық жыр толғамдары енгізілді. 

11 12