Көкейімде Күлтегеннің жазуы
2021 жылдың 9 наурыз күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акция аясында, поэзия бөлімі бойынша ақын Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» атты кітабынан жыр кешін ұсынамыз. Мақсаты: Серік Ақсұңқарұлы секілді тегеурінді ақын шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Ақын Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде – Күлтегіннің жазуы» жыр жинағы – өткенімізді танып, өшкенімізді жағу үшін, бүгінімізді бағалап, келешегімізге байыппен қарауымыз үшін өте керек дүние. Ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарай алмайтын қазақ баласына алмағайып заманадағы өз ұлтының, тілі мен дінінің көріп отырған қиянатын жыр тілінде жеткізіп, алдағы күнге аманат ететін де осынау жинақтағы жүректі жырлар. Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова ақынның өмірбаяны мен жыр жинағын таныстырып өтті. Ақынның жырлары ғасырдан ғасырға жететін туындылар. Мөлдір, табиғи, төгіліп түскен – таза поэзия.