Ұлт жанашыры-Ахмет Байтұрсынов

2022 жылдың 19 сәуір күні«Білім» орталығында балалар бөлімі «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында, ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт жанашыры-Ахмет Байтұрсынов» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге,оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу;

        Кітапханашы А.Ермагамбетова Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып өтті. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, «Ұлт жанашыры-Ахмет Байтұрсынов» атты кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

5 (1) 6 (1) 7