Менің атым- Қожа

2024 жылдың 17 сәуір күні балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Бір ел-бір кітап" республиқалық акциясы аясында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Б. Соқпақбаевтың "Менім атым Қожа" атты повесі бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Іс шараға №1 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты

      Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтап, жастарды  өнегелілікке  тәрбиелеу.

      Шығарманы талқыламас бұрын жазушының өмірдерегіне, шығармашылығына кітапханашы шолу жасап, бейнеролик  көрсетті. Жазушының шығармашылығына арналған "Менім атым Қожа" тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылып,  Қожа бейнесінің отбасындағы, мектептегі тәртібі мен тәрбиесі, жалпы, аталмыш повестің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы өрбіді. Қатысушы оқырмандарға сауалдар қойылып, балалар шығармадағы оқиғалардан өздерінің түйген ойларымен бөлісті.

78  79  80  81