Менің атым — Қырмызы

2021 жылдың 6 желтоқсан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, аудармалар бойынша Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым — Қырмызы» кітабына презентация.

Мақсаты: Кітап туралы ақпарат беру. Мазмұнымен бөлісу. Бұл кітап тек махаббат тақырыбына құрылған шығарма емес. Автор отырықшы түркілер мен көшпенділердің дүниетанымындағы айырмашылықты сурет өнерін сипаттай отырып, әдемі баяндайды. Роман осындай ерекше стилімен есте қалары анық. Өлілердің, иттің, ағаштың атынан сөйлеу арқылы оқиға желісін шиеленістіріп, оқырманды шығармадағы қылмыскердің кім екендігін табуға жетелейді.