Өлгендер қайтып келмейді
Өлгендер қайтып келмейді
Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» атты кітабын талқылау өтті. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Іс-шара барысында шоқтығы биік жазушының повестері, романдары, әңгімелері және солардың ішінде «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты туындылары туралы айтылып, ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды