Өмірдастан

2021 жылдың 9 ақпан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» кітабы бойынша поэзия кеші онлайн форматта өтті.

Кештің мақсаты: М.Мақатаев шығармашылығын насихаттау. Жастар арасынан тума дарындарды анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Спикер: оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолына тоқталып өтті.