Үміт үзгім келмейді

2018 жылдың  8 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Ж.Досмуратова  қаладағы № 1 мектептің 10 сынып оқушылары арасында Республикалық  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалынып алынған жазушы, аудармашы, профессор Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монолог кітабына әңгіме-талдау өткізді.

Мақсаты: жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, өмірге құштарлықты ояту, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады

Іс –шара барысында кітапханашы  «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы ақпарат берді. Оқушыларға Н.Келімбетовтың өмірі мен  шығармалары айтылып, «Үміт үзгім келмейді»  хикаят – монолог кітабын кеңінен талдап мазмұнын ашты. «Үміт үзгім келмейді» атты повесть-монологы күнделікті күрес пен қиыншылыққа қарсы тұра білудің сыры тақырыбына арналған.

Сонымен қатар «Үміт үзгім келмейді» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.Көрмеге жазушының кітаптары және газет-журнал беттеріне шыққан материалдар қойылды.

2 IMG-20180606-WA0044 IMG-20180606-WA0045 IMG-20180606-WA0147