Үміт үзгім келмейді

2018 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен  Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог-ғалым  Немат Келімбетовтің  «Үміт үзгім келмейді» атты шығармасын насихаттау  бойынша   тақырыптық кеш өткізілген болатын. Іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Жазушының  баға жетпес әдеби мұрасы – көркем туындылары мен аудармалары, ғылыми-зерттеу еңбек­тері мен мақалалары – дүниежүзілік мәдениет пен әдебиетке асыл қазына болып қосылғанын дәріптей отырып,  Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов «Ерлік пен даналық дастаны» деп жоғары бағалаған «Үміт үзгім келмейді» кітабын оқуды ұсыну. 

«Үміт үзгім келмейді» кітабы бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, шетелдік оқырман қауымның сүйіп оқитын кітабына айналып отыр. Халықаралық қатынастардың өзегі болған кітап әлем әдебиетін дамыта отырып, әлемдік тарихтың бір бөлшегіне айналуда.  Кітапханамыздың кітап қорындағы ана тіліміздегі нұсқасымен қоса, «Не хочу терять надежду» атты орыс тіліндегі нұсқасы да  оқырмандар назарына ұсынылып келеді.  Қаламгердің  "Үміт үзгім келмейді" хикаят-монологы жаны жаралы көп жандарға рухани азық болары сөзсіз.

IMG_2773

IMG_2774

IMG_2793