«Оң қол» повесть

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 14 сәуір күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында, жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуды насихаттау мақсатында «Оң қол» повесі бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.  Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: жазушының өмір жолымен таныстыру, драматург жазушының әдеби мұрасын дәріптеу; «Оң қол» повесін оқып, талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт - бағдар беру, кітапты оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Шара барысында повестің басты кейіпкері Алманың басынан кешкен қиын тағдыры, өмір мен өлім арасында арпалысқан ойлары негізгі тақырыпқа айналды.