Бір ел- бір кітап акциясы

       Республикалық «Бір ел – бір кітап»  акциясы  аясында  М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдарын насихаттау мақсатында 18 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің кітапханашыларының ұйымдастыруымен  қаладағы 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері арасында ақпараттық сағат өтті.

       Кітапхана библиографы Нурсеитова А  «Бір ел-бір кітап» акциясының шығу тарихымен қысқаша таныстырып өтті. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясысы мен Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдарына, сонымен қатарА.Құнанбаев пен Әбу- Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына ақпараттық шолу жасады.

     Іс-шара барысында  оқырмандар назарына «Бір ел-бір кітап», «Әлем таныған ұлы Абай», «Әбу Насыр- әл-Фараби -1150 жыл» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

DSC_0003 DSC_0004 DSC_0022 DSC_0024 DSC_0006 DSC_0008 DSC_0015 DSC_0018