Періштелердің өлімі

 2021 жылдың 10 маусымында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясының проза бөлімі бойынша Тынымбай Нұрмағанбетовтың "Періштелердің өлімі" роман-хикаят кітабына ZOOM платформасында әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: ақын-жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру және оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

        «Періштелердің өлімі» романы көрнекті жазушы Т.Нұрмағанбетовтың жаңа туындысы. Қаламгер бұл шығармасында бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды. Жазушының бұл толымды еңбегі қазақ әдебиетінің шоқтығын биіктететін бітімі бөлек роман.  

 

4 5