Пьесса «Пешене»

2021 жылдың 4 шілде күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы драматургия  бөлімі бойынша жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның «Пешене» пьесалар жинағынан  үзінді оқу.

       Мақсаты: жазушының қаламынан шыққан туындылармен, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандарға насихаттау.
        Талантты жазушы, дарынды драматург Думан Рамазанның «Пешене» атты пьесалар жинағына енген әрбір трагедия қоғамда орын алып жатқан өмірдің өрескел тұстарын, кейіпкерлердің  жанкешті тағдырларын   әдеби тілдің барлық мүмкіншіліктерін кеңінен қолдана отырып суреттейді. Суреттеп қана қоймай, драматургияға тән аса жоғары экспрессивті-эмоционалды тұстарын тіл құдіреті арқылы  жеткізген.