Ұшқан ұя
«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында
2018 жылдың 18 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары М.Айтжанова , А.Жалдикараеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары арасында аты аңызға айналған, Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған оқырмандар конференциясы өтті.
Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірінен қысқаша айту, ерлігі мен шығармаларын түсіндіру; оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру; әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгеру.
Конференцияда Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы талқыланды. «Ұшқан ұя» - Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған кесек туындысы . Бұл кітапта қаһарман қолбасшы-қаламгер ата-бабасының шығу тегін,ерлік салтын,ұрпақ тәрбиесін,қарапайым ауыл адамдарының кісілік кебетін,мінез-құлқын,сол кездегі қоғамдық ортаны,әлеуметтік жағдайды,ізгі дәстүрімізді шығарма өзегіне айналдырады.
Кеш соңында кітапхана қызметкері А.Айтжанова кешті жоғары деңгейінде ұйымдастырып, шығарманы оқушыларға оқытып қана қоймай, талдауда зор үлес қосқаны үшін ұстаз Еңлік Жабағиеваға және белсенді ат салысқан оқушыларға үлкен алғысын білдірді. Конференция аясында оқырмандарға Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған «Ұшқан ұя» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге жазушы туралы газет-журнал материалдары, шығармалары ұсынылды.