Суреткердің парасат биігі

2023 жылдың  20 қыркүйек  күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында,  жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуды насихаттау  мақсатында  кітапхананың «Білім» орталығында «Суреткердің парасат биігі» атты  танымдық сағаты өткізілді.  Іс-шараға  № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Төлен Әбдіктің  шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту; ұлттық мақтаныш сезімдерін,  ұлттық сана –сезімін бекіту;  

Шара барысында кітапханашы И.Талханбаева жазушының өмірбаяны мен шығармаларына кеңінен тоқталып, насихаттап өтті. Төлен Әбдікұлының шығармаларына  қойылған  көрме мен таныстырып, оқушыларға кітаптарын алып оқуға ,кеңес берді.