Тағдыр-ұрпаққа аманат

2026 жылдың 15 қыркүйегінде кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында « Тағдыр-ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің інжу-маржандарымен таныстыру; Отандық классикалық шығармалар арқылы жастардың бойында патриотизм мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; Кітап оқу мәдениетін насихаттау;

Тәрбие сағаты барысында қатысушылар шығарманың мазмұнына үңіліп, ондағы өзекті мәселелер мен кейіпкерлердің тағдырын талқылады. Рухани сабақтастық пен ұрпақтар байланысын арқау еткен мазмұнды кеш жүректерге жол таба білді. Оқырмандар назарына «Тағдыр-ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.