Тағдыр және бүгінгі заман

2026 жылдың 26 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Тағдыр және бүгінгі заман» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қаламгер еңбектері арқылы ел тарихын, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

Шара барысында кітапханашы қатысушыларға «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызы туралы ақпарат беріп, акция аясында таңдалған шығармалар жөнінде әңгімеледі. Мектеп оқушылары жазушының шығармалары туралы ой бөлісіп, оның туындыларындағы тағдыр, ел мен жер, замана көріністері туралы пікір алмасты.Іс-шара барысында жазушының еңбектерінен құралған кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге Қабдеш Жұмаділовтің танымал шығармалары қойылды. Қатысушылар көрмемен танысып, жазушы кітаптарына қызығушылық танытты.

26 мая 2026 года в рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга» был проведен круглый стол на тему «Судьба и современность», посвященный творчеству писателя Кабдеша Жумадилова.

Цель мероприятия-ознакомление учащихся с жизнью и творчеством выдающегося представителя казахской литературы Кабдеша Жумадилова, популяризация истории страны, национальных ценностей и повышение интереса к чтению через труды писателя;

В ходе мероприятия библиотекарь проинформировала участников о значении акции «Одна страна – одна книга» и рассказала о произведениях, выбранных в рамках акции. Школьники поделились мыслями о произведениях писателя, обменялись мнениями о судьбе, стране и земле, проявлениях времени в его произведениях.В ходе мероприятия была представлена книжная выставка произведений писателя, на которой были представлены известные произведения Кабдеша Жумадилова. Участники ознакомились с выставкой и проявили интерес к книгам писателя.