Түркі әлемінің жазушысы

        2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқылымға қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылған болатын.

      Осыған орай, 13 қазан күні  кітапхананың «Білім» орталығында  «Түркі әлемінің жазушысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу, жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармаларын, рухани мұрасын жан-жақты насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру;

      Іс-шараға  № 1мектептің оқушылары мен ұстаздары  қатысып, қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген «Қазақ прозасының пырағы» деген атқа ие болған қабырғалы жазушы мен оның шығармалары жайындағы қызықты ақпараттармен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар  шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді. Іс-шара соңында «Түркі әлемінің жазушысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

12  10  9  6  5