Тұғыры биік парасатты тұлға

2019 жылдың 5 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында № 2 мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен  республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, қоғам қайраткері, халық жазушысы  Әбіш Кекілбаевтің туғанына 80 жыл толуына орай  «Тұғыры биік парасатты тұлға»  атты  әдеби кеш өткізілді.

    Шара басында кітапханашы оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихымен таныстыра отырып, биылғы жылы жаппай оқуға Әбділда Тәжібаевтің шығармалары мен Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы таңдалғанын атап өтті. 

      Кітапханашы Фариза Канагатова оқушыларды Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығымен  таныстыра отырып,  оның  қазіргі замандағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің  жарқын әрі  дарынды жазушысы болғаны жайлы ақпарат беріп өтті.

        «Кемел ойлы,көркем сөзді шежіре» слайд-презентация көрсету арқылы оқушылар жазушының өмір жолымен және шығармашылығымен танысты.Кеш соңында ««Кемел ойлы,көркем сөзді шежіре» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

13 21 23 24 25 26 27